Соңғы жаңалықтар қазақша

Ана қажет болғанда жанымыздан табылған жоқ, енді керек емес — Балалар үйінде өскен жігіт

Источник: TengriNews Дата: сегодня в 21:23

Ана қажет болғанда жанымыздан табылған жоқ, енді керек емес - Балалар үйінде өскен жігітБүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Бала асырап алу қандай бақыт?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қонаққа Владислав есімді баланы асырап алған Арман Телев пен Айжан Жұмақанова келді. Арманның айтуынша, ол бұрыннан бала асырап алуды жоспарлап жүрген.«Балалар үйінде достарым көп болды. Үйірмелер болды.

В Үкімет үйі обсуждены новые направления партнерства с Всемирным банком 

Источник: Официальный веб-сайт Премьер-Министра РК Дата: сегодня в 19:37

В ходе встречи обсуждены вопросы реализации Программы совместных экономических исследований и перспективные направления сотрудничества, в том числе в рамках предстоящей Рамочной стратегии партнерства Всемирного Банка с Казахстаном на 2019–2023 гг.В числе приоритетных отраслей взаимодействия рассмотрены такие направления, как туризм, АПК, индустриализация, транспортно-логистическая сфера и развитие региональной инфраструктуры.Участники встречи также обсудили ход реализации совместных проектов в рамках Программы совместных экономических исследований.

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Өңір салу

Источник: TengriNews Дата: сегодня в 18:03

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Өңір салуTengrinews.kz «Қазақтың ұмытылған дәстүрлері» атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр — Өңір салу.Қазақтың көне дәстүрлерінің бірі өңір салу туралы «Әдемі-ай» компаниясының президенті, ҚР Мәдениет қайраткері, танымал топтамашы-этнограф Бахаргүл Төлегенқызы айтып берді.«Өңір салу қазақтардың көне дәстүрлерінің бірі.

Коммуналдық монополистер қызметі — қадағалауда

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 12:02

Коммуналдық монополистер қызметі — қадағалаудаОблыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесі мәжілісінде берген коммуналдық қызметтерге тариф құрылымына қатысты тапсырмасын орындау мәселесі бойынша жиын өткізді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жиын барысында коммуналдық кәсіпорын басшыларының тариф құрылымы мәселелерінің ағымдағы жағдайы және өздерінің инвестициялық бағдарламаларын орындауы туралы есептері тыңдалды.Қазіргі уақытта прокуратура және монополияға қарсы қызмет органдары коммуналдық саладағы монополистер қызметінің заңдылығына кешенді тексерулер жүргізуде.— Облыста барлығы 47 табиғи монополия субъектілері тіркелген, олардың 16-на инвестициялық міндеттемелер бекітілген, — деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент басшысы Гүлнұр Масина.Облыс әкімі аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың, табиғи монополиялар субъектілері басшыларының назарын Елбасы тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға аударды.«Прокурорлық тексерулер аяқталғаннан кейін біз коммуналдық қызметтерге тариф құрылымы бойынша мәселені қарау үшін қайтадан бас қосатын боламыз.

Жәрмеңкеде — Қызылорда өнімдері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 11:32

Жәрмеңкеде — Қызылорда өнімдеріӨткен сенбіде Қызылорда облысынан келген 30 кәсіпкер өз өнімдерін «Әлия» сауда орталығы алдындағы ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 10-15 пайыз жеңілдікпен қала жұртшылығына ұсынды. Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов құрметті қонақ ретінде қатысты.Жәрмеңке жұмысы таңертеңнен қызып жүре берді.

Жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту 75%-ға жеткізіледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 11:22

2020 жылға қарай облыс халқын жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту 75%-ға жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында «Цифрлық Қазақстан» жол картасының жүзеге асырылуы барысы жайында есеп берген кезінде «Қазақтелеком» АҚ батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Абай Қадыралиев мәлімдеді.Жол картасы аясында 250-ден астам адам тұратын ауылдық елді мекендердің жоғары жылдамдықты интернет желісіне қол жеткізуін қаматамасыз ету қарастырылған.

Өзін-өзі басқару жүйесі: 80 сағат ауыл әкімдеріне арналады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 11:02

Кеше Ақтөбе қаласында аудан мен ауыл әкімдеріне арналған «Өңірді дамыту мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» атты семинар-тренинг басталды. Мақсат — жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы өзекті мәселелерді шешу және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері корпусының әлеуетін нығайту. Қазіргі заманауи мемлекеттік басқару әлемде озық өзгерістермен қарқынды дамуымен сипатталатыны белгілі.

Ауыл еңбеккерлерін қолдау керек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:52

Дуся Ким, Мәртөк ауданындағы «Чосон» шаруа қожалығының басшысы:— Жасым 73-те болғанына қарамастан, әлі де еңбек етіп келемін. Өз ауылыма жақын маңдағы шаруашылықта көкөністер өсіремін. Көкөністерімізді таза бұлақ суымен суарамыз. Сондықтан біздің өнімдеріміз — экологиялық жағынан таза, нағыз пайдалы, витаминді өнімдер.

Сауатты маман сапалы өнімге қол жеткізеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:52

Қайрат ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «Ақжар-агро» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты«Ақжар-агро» — аудандағы ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі. Біз дәнді, майлы дақылдармен қатар, мал азығын да егеміз. Жаңа техникалар мен технологияларды сақтай отырып, мол әрі сапалы өнімге қол жеткізіп келеміз.

Ақпараттық топ Әйтеке би ауданына барды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:52

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аудандарда жалғасып жатыр. Осы аптада арнайы топ Әйтеке би мен Қарғалы аудандарын аралайды. Дүйсенбіден бастап жобаның бірінші бағытының төртінші тобы Әйтеке би ауданына барды. Алғашқы күні Белқопа, Қарабұтақ, Жамбыл ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өтті.

Нақты қамқорлықтың белгісі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:52

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кеңінен түсіндіру жұмысы жалғасуда. Осы мақсатта құрылған республикалық ақпараттық топ мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева, Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Саламат Аманбаев Қосестек ауылының тұрғындарымен кездесті.Бұл бас қосуға аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, сондай-ақ аудандағы тиісті мекемелердің жетекшілері, мамандары қатысты.Жолдаудағы халық табысын өсіру жөніндегі тапсырмаларға жиналған көпшілік ризашылықтарын білдірді. Әсіресе, еліміздегі ең төменгі жалақының көтерілуі нақты қамқорлық ретінде қабылдануда.Кездесуге келгендер «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының қол жетімділігін айта келіп, жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесі қаралып жатқанын да еске салды.Жиында зейнеткерлік, скрингтік тексеруден өту, дәрігерлік көмек, басқа да әлеуметтік қамту мәселелері кеңінен қозғалды.Кездесуде Қосестек орта мектебі директорының орынбасары Әсел Жырбаева, ауылдық пошта меңгерушісі Марина Вовктер өз пікірлерін ортаға салып, толыққанды хабарламалары үшін топ мүшелеріне алғыстарын жеткізді.

Қателіктерді қайталамайық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:42

Кейбір адамдардың өрт қауіпсіздігі мәселесіндегі жауапсыз әрекеттері қайғылы жағдайларға әкеп соғады. Мәселен, өткен жылыту маусымында облыс аумағындағы тұрғын үй секторларында 199 өрт тіркелді, бұл өрт оқиғалары кезінде 6 адам қайтыс болды, оның 3-еуі — балалар.Сонымен қоса, 24 адам жарақаттанды, оның 12-сі бала.

Пластикалық қалдықтар қоршаған ортаға қауіп төндіреді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:42

Пластик өндірістен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді өндіретін зауыттар жылына атмосфераға 400 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түріне пластикалық заттарды жеп қою және пластикпен улануы салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады.

Мұғалім жолаушыны ажал аузынан құтқарды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:42

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Дастан Назаров қоғамдық көлікте жолаушыны ажалдан арашалап қалды.Автобуспен кетіп бара жатқан Дастан автобустағы бір адамның кенеттен эпилепсия ұстамасы ұстап қалғанын көреді. Ол көп ойланбастан алғашқы көмек көрсетіп, жедел -жәрдем бригадасын шақырып, артынша науқастың әйеліне хабарласады.

Құрмет пен қолдау — үлгілі үрдіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:12

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің көңілді жылытар игі дәстүрлері бар. Жыл сайын біздің студенттер кәсіподақ ұйымы тарапынан қайырымдылық балын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қолдау ретінде түрлі шаралар өткізеді.Саналы ғұмырын медицина саласына, оның ішінде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне арнаған ардагерлеріміздің көңілдеріне шуақ сыйлап, мереке сайын қонақ қылып, сый-құрмет көрсету үрдісі бізде ешқашан үзілген емес.Таяуда университетімізде қызмет етіп жатқан мүмкіндігі шектеулі 25 қызметкерге мерекелік сыйлық ретінде он мың теңгеден қаржылай көмек табысталды.

13 ноября в Үкімет үйі состоится заседание Правительства Казахстана

Источник: Официальный веб-сайт Премьер-Министра РК Дата: сегодня в 00:07

На повестке заседания:Итоги социально-экономического развития и исполнения республиканского бюджета за 10 месяцев 2018 г.Развитие геологической отрасли и недропользования.По итогам заседания на площадке пресс-центра Правительства РК состоится пресс-конференция с участием министра национальной экономики Тимура Сулейменова.Прямые-трансляции смотрите на сайте PrimeMinister.kz и в социальных сетях Фейсбук, «ВКонтакте», Твиттер, Перископ и Одноклассники, на официальном канале Ютуб, а также в мобильных приложениях для Андроид и Айфона.

Делимен салыстырғанда Қаскелеңде тұрып жатқандар мың да бір шүкір деуі керек — әнші

Источник: TengriNews Дата: вчера в 22:53

Делимен салыстырғанда Қаскелеңде тұрып жатқандар мың да бір шүкір деуі керек - әншіБүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Жастар неге шетел асып жатыр?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Еуропада оқып, жұмыс істеген Айдар Махметов шетелге баруды қолдайды, бірақ қалып қоюға қарсы екенін айтады. «Шетелде жұмыс табу өте қиын. Ол жақтағы білім деңгейі өте жоғары, соған байланысты талап та жоғары.

Шапан, сәукеле, жамылғы. Ертеде қазақ қалыңдықтары қалай киінген

Источник: TengriNews Дата: вчера в 17:03

Шапан, сәукеле, жамылғы. Ертеде қазақ қалыңдықтары қалай киінгенҚай ұлттың болмаса да жылдар, ғасырлар өткен сайын киім үлгісінің заманына қарай өзгеріп отыратыны белгілі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ХІХ ғасырда қазақ қалыңдықтары киген киім үлгілерін ұсынады.Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Этнографиялық сән театры және ұлттық киімдер этномұражайы бар.

Туризмді дамыту — өзара тиімді ынтымақтастықтың бір жолы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 15:02

Туризмді дамыту — өзара тиімді ынтымақтастықтың бір жолыПетропавлда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы XV форумы өз жұмысын аяқтады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің шекаралық аймақтарында туризмді дамыту бойынша Бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойды. Форум екі күн бойы — 8 және 9 қарашада өтті. Шараның екінші күні Петропавлға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин келді.Нұрсұлтан Назарбаев осында келгеннен кейін теміржол автоматикасы, теміржол көлігі үшін қауіпсіздік жүйесі мен байланыс, телемеханика, сондай-ақ цифрлы телевидение үшін құрал-жабдықтар, мұнай-газ кешені үшін өнімдер мен байланыс арнаулы құралдарын өндіретін Киров атындағы зауытта болды.Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өзара кездесу өткізіп, туризм саласындағы қатынастарды дамытудың алдағы перспективалары мен ынтымақтастықтың түйінді мәселелерін талқылады.Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне сәт сапар тілей отырып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің өткен сессиясының нәтижелі сипатын атап көрсетті.Қазақстан Президенті осы форумның тақырыбының өзектілігін атап көрсете отырып, мәдени және экономикалық өзара іс-әрекеттер тұрғысында туристік салада ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.Көрмеде Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын айтып, екі жақты қатынастардың жоғары қарқында дамып келе жатқанын атап көрсетті.Сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті туризм саласында екі елдің ынтымақтастығын одан әрі тереңдету үшін ауқымды әлеует бар екендігіне тоқталды.Келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшыларына «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамыту жобасы таныстырылымы өтті.Президенттер сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік нысандардың іске қосылу барысы, тұрғын үй массивін газ жүйесіне қосу және инфрақұрылымдар желісін жөндеу нәтижелері туралы хабардар етілді.Қазақстан мен Ресейдің Президенттері екі мемлекеттің туристік саласын дамытудың жаңа жоспарлары мен перспективасына арналған көрмені бірлесіп көрді.Көрмеде екі елдің тұрғындары үшін туристік өнімдердің кең ауқымын қамтитын қазақстандық және ресейлік компаниялар таныстырылды.

Ақтөбеде көшпелі қор көрмесі өтеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:52

Сәрсенбі күні, 14 қарашада сағат 12.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.Қор көрмесі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады.

Құқық пен міндет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:42

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде студенттермен Елбасы Жолдауы аясында «Құқық пен міндет» атты кездесу өтті.Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ құқықтық тәртіп — заман талабы екендігін жастарға түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шараны Ә.Молдағұлова атындағы облыстық музейдің қызметкері Ғалымжан Байдербес өткізді.Басқосуға облыстық прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультативтік кеңестің төрағасы Мәрия Тәжібаева, Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Қайсар Дидарұлы қатысты.— Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім артады.

Үш бағыттың үлесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:42

Елімізде еңбек нарығының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып отыр. 2010 жылмен салыстырғанда жұмыс күшінің саны 468 мың адамға артып, жұмыспен қамтылғандар саны 523 мың адамға көбейген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық-насихат тобының мүшесі Құттымұрат Шамшиев ақтөбелік БАҚ өкілдеріне арналған семинар барысында айтты.Жұмыссыздықты жою мақсатында елімізде 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске асырылып келеді.

Жұмыс орны да, жалақы да ұлғаяды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:32

Жұмыс орны да, жалақы да ұлғаядыНұркен ТҰРБАЕВ,«Ақтөбе-сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.Біздің компаниямыз 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Қызметіміздің негізгі түрі — өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, оның ішінде тұрғын үй құрылысы.Біз көпшілік жерлестеріміздің тұрғын үй жағдайын жақсартуды, өзінің жеке баспанасы болуын армандайтынын жақсы білеміз.

505 өтініш түсіп, 87 қабылдау өткізілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:32

Партия Бүгінгі күні жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне сенім артатындардың саны көбейіп отыр.Мәселен, биыл жыл басынан қоғамдық қабылдауға 505 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда олардың 176-сы оң шешімін тауып отыр.

Сыр елі тауар өндірушілері келеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 ноября 2018 в 14:22

Бүгін, 10 қараша күні Ақтөбе қаласындағы «Әлия» сауда базары алдында Қызылорда облысының әкімдігі бастаған Сыр елі тауар өндірушілерінің «Road Show» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылады.Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты — сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласында Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері арасында іскерлік және ынтымақтастық байланысты нығайту.Жалпы алғанда, көшпелі көрмеге Қызылорда облысының түрлі салалар бойынша қызмет жасайтын 30-дан аса кәсіпкері өз өнімдерін ұсынатын болады.Атап өтетін болсақ, көрмеде Қызылорда облысында өндірілетін күріш, сүт, ет, балық өнімдері, бақша дақылдары, консервіленген тамақ өнімдері таныстырылмақ.

Жігітіне үш миллион теңге алып берем деп алданып қалған қыздың оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 09 ноября 2018 в 02:13

Жігітіне  үш миллион теңге алып берем деп алданып қалған қыздың оқиғасыБүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Альфонс жігіттер бүгінгінің серілері ме?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бағдарламаға қонақ ретінде альфонс жігітке алданып, үш несие алып берген Нұргүл Әзірбайқызы келді. Ол Марсель есімді жігіттен қалай алданып қалғанын айтып берді.«Бір жігітпен Астанада таныстым, артынша ол мені алдап кетті.

Бәйгеге қатысыңыз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 ноября 2018 в 15:42

Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымы биылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығы, «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы құрметіне Журналистер одағының мүшелері, сондай-ақ жалпы қалам иелері арасында бәйге жариялайды. Бұл сайысқа газет оқырмандары да қатыса алады.

Қазақстанда қариялардың ажырасуы көбейген — Статистика

Источник: TengriNews Дата: 08 ноября 2018 в 13:33

Қазақстанда қариялардың ажырасуы көбейген - СтатистикаЕлімізде соңғы бес жылда жасы алпыстан асқан 11732 қария ажырасқан. Олардың 7248-і ерлер де, 4484-і әйелдер. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің статистикалық мәліметтері.Толығырақ тоқталсақ, 2013-2017 жылдар аралығына жүргізілген зерттеуде жыл сайын ажырасу жағдайларының көбейіп келе жатқаны анықталған.

Баспана алу үшін бастапқы жарна 10 пайызға төмендетілді!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 ноября 2018 в 11:22

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтер сатып алу үшін қарыз беру туралы меморандумға қол қойды. Жоба аясында облыстық әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтарды қаржылай қолдау қарастырылып отыр.

Облыс Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 ноября 2018 в 11:22

Қазақстан мен Өзбекстан экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастықты нығайтады. Кеше өткен кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Науаи облысы әкімінің орынбасары Фахриддин Солиев осындай келісімге келді.Кездесуде облыс басшысы Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты жолға қою елдің сыртқы саясатының стратегиялық бағыты болып табылатынын атап өтті.— Осы жылдың тоғыз айы ішінде Ақтөбе облысының Өзбекстанмен арадағы ішкі тауар айналымы 11,4 миллион АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 9,8 миллион АҚШ доллары, импорт — 11,4 миллион АҚШ доллары.
Показано 30 новостей из 12 582